Жаңалықтар

«Балабақша МОНЕТАСЫ (тиын) атауы мен дизайнын құрастыру» байқауы өтті

№58 «Өркен» балабақшасында балабақшаішілік топтар арасында өткен «Балабақша МОНЕТАСЫ (тиын) атауы мен дизайнын құрастыру» байқауы өтті. Мұндағы мақсат: Тәрбиеленушілердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ақша мен қаржы құралдарын дұрыс басқаруды үйрету, тәжірибе жүзінде іске асыру.

Монетаны бағалауға «Аналар» мектебінен Айтжанова Аяжан Койшыкараевна келіп бағалап, өз ұсынысын білдірді. Монеталар келесі көрсеткіштер арқылы бағаланды:

• МОНЕТА көлемі 5*5 см

• Монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын бейнесі «Өркен» эмблемасы болып табылатындығы айтылған.

• Ақшаның (тиынның) талапқа сай, эстетикалық тұрғыдан әдемі, бала қолына ыңғайлы, түсінікті болуы керектігі ескерілді.

Сонымен балабақша МОНЕТА үлгісін барлық топтар арасынан жеңіп шыққан «Талапты» тобының ата-анасы Айтымбетова Құндызай мен қызы Жұмабек Еркеназдың үздік «ӨРКЕН-БАЙ» МОНЕТАСЫ ерекшеленді. Барлық қатысушы ата-аналарға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өркен балабақшасының ақшасы бүгінгі күннен бастап «ӨРКЕН-БАЙ» МОНЕТАСЫ деп аталады.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!