2025 жылдың 20 ақпан күні қалалық "Ертегілер елінде" тақырыбында ұйымдастырылған сайыс өтті. Бұл сайысқа қаламыздың Сарыарқа ауданында орналасқан балабақшалардан келген балалар қатысты."Парасат" тобы "Жылан балық" ертегісін сахнада шеберлікпен сомдап, әділқазылардың жоғары бағасын алды. Балалардың қойылымы көрермендер мен сарапшылар тарапынан үлкен ықыласқа ие болды, нәтижесінде олар бірінші орынды жеңіп алды.
Бұл жетістікке жетуге үлкен еңбек сіңірген педагогтер Н.С. Манапова, А.А. Ахметова және Л.Ж. Ниязова бастаған білім беру ұжымының еңбегі зор. Сонымен қатар, балалардың жетістігіне ата-аналардың да белсенді қатысуы мен қолдауы ерекше рөл атқарды. Балалардың өнер жолында жеткен жетістігі – тек педагогтер мен ата-аналардың емес, бүкіл ұжымның ортақ жеңісі.
"Парасат" тобының ұжымына болашақта да шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!