Жаңалықтар

Қаржылық сауаттылық бойынша іс-шара

Бүгін, 2024 жылдың 13 наурызында, «Өркен» балабақшасының ортаңғы "Шабыт" тобының тәрбиеленушілері қаржылық сауаттылық тақырыбы бойынша қызықты және пайдалы іс-шараға қатысты.

Бұл іс-шара барысында балаларға ақша ауыстыру, банкоматтан ақша алу және оны дұрыс жұмсай білу сияқты маңызды қаржылық дағдылар үйретілді. Тәрбиешілер балалармен бірге ойын түрінде ақша және оның пайдалану туралы түсінік қалыптастыруға арналған түрлі тапсырмалар мен жаттығулар өткізді.

Балалар банкоматтың қалай жұмыс істейтінін, ақшаны сақтау және жұмсау жолдарын үйреніп, тұтыну тауарларын сатып алу кезінде ақылға қонымды шешімдер қабылдауды меңгерді. Сондай-ақ, әр бала өз ақша қаражатын тиімді жоспарлау мен бөлу дағдыларын пысықтады.

Бұл іс-шара арқылы балалардың қаржылық сауаттылығы қалыптасып, олар өздерін болашақта ақылды және саналы тұтынушы ретінде таныта алатын болады.

Осылайша, балаларға қаржы туралы білім беру, олардың тұлғалық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға зор ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын тауып, балалардың білім алуы мен дамуына ықпал ететін болады.

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!