Бүгін, «Өркен» балабақшасының ортаңғы "Көркем" тобының бүлдіршіндері ерекше және қызықты қаржылық сауаттылық сабағына қатысты. Балалар өз қолдарымен «Өркен-БАЙ» ақшасын жасап, осы арқылы ақша айналымы мен оның дұрыс жұмсалуы туралы түсінік алды.
Қаржылық сауаттылықтың негізін ерте жастан қалыптастыру өте маңызды. Балалар өздері жасаған ақшаны пайдалану арқылы ақшаның құнын, оны тиімді пайдалану және жинақтау туралы ойлануды үйренуде. Бұл тәжірибе ойын түрінде өтті, балалар ойыншық ақшамен «сатып алу» мен «сату» процесін жүзеге асыра отырып, ақшаны қалай жұмсау керектігі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды.
«Өркен-БАЙ» ақшасын жасау – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, олардың әлеуметтік және экономикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Әрбір бүлдіршін ойын барысында ақшаны үнемдеудің, оны дұрыс жоспарлап жұмсаудың маңыздылығын түсінді.
Бұл іс-шара арқылы балалардың қаржылық мәдениеті қалыптасып, оларды болашақта ақылмен ақша жұмсауға үйретуге бағытталған маңызды қадам жасалуда. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар балаларға ақша мен ресурстарды тиімді басқарудың негізгі принциптерін игеруге мүмкіндік береді.Қаржылық сауаттылықтың негіздері ерте жастан қалыптасса, балаларымыздың болашақта саналы, жауапкершілікті тұтынушы, үнемшіл әрі ақылды азамат болып өсуіне жол ашылады.