Ортаңғы «Ғибрат» тобы
Балаларды қаржылық сауаттылықты үйрету барысында балаларға сауда жасауды және артық ақшаны үнемдеуді үйретуге ерекше назар аударылды.
Іс-шараның басты мақсаты — балаларға ақшаның құндылығын түсіндіру және оны дұрыс жұмсау дағдыларын қалыптастыру. Бұл іс-шара арқылы балалар ақшаны тиімді жұмсау мен үнемдеудің негізгі қағидаларын үйреніп, өз болашақтарын жоспарлауда қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсінетін болады. Балаларға қаржылық сауаттылық туралы білім беру, олардың тұлғалық және әлеуметтік дағдыларын дамытады, сондай-ақ оларды болашақта ақылды, үнемшіл және жауапкершілікті азамат болуға дайындайды.
Осындай жұмыстар арқылы балабақша тәрбиеленушілері қаржылық мәдениетін игеріп, өз өмірлерінде ақылмен шешім қабылдауды үйренеді.