Жаңалықтар

Балабақшалар арасындағы қалалық семинар

“Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері және инновациялары” тақырыбындағы серіктестік балабақшалар арасындағы қалалық семинарға тіркеу

2025 жылдың 10 сәуір күні, қаламыздың білім беру саласында маңызды әрі тиімді оқыту мен тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері және инновациялары» тақырыбында серіктестік балабақшалар арасында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың алғашқы кезеңінде заманауи дидактикалық материалдар көрмесі өткізілді. Бұл көрмеде топ тәрбиешілері қаржылық сауаттылық тақырыбында дидактикалық ойындар жиынтығын ұсынды. Сонымен қатар, ортаңғы топ ата-аналарының ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді. Семинарға қатысқан қонақтар дидактикалық ойындарды ойнау арқылы өздеріне ұпай жинап, «Өркен-БАЙ» ақшасын ұтып алды. Бұл ақшамен олар жәрмеңкеден өздеріне ұнаған заттарын сатып ала алды. Мұндай ойындар қатысушыларға қаржылық сауаттылықты көңілді әрі түсінікті түрде меңгеруге мүмкіндік берді.
Ары қарай, әдістемелік орталықтан инновация бөлімінің әдіскері Роза Акпановна сөз алып, балабақшада биылғы оқу жылының тақырыбы «Мектеп жасына дейінгі балаларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыру» болғандықтан ұйымдастырылған іс-шараларға өз тілегін білдірді. Барлық тәрбиешілерге балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету барысында шығармашылық көзқарас пен инновациялық тәсілдерді қолдану, балаларға ойын мен оқу арқылы қызықты әрі түсінікті ету маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, балабақша мен ата-аналар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың бұл үдерісте ерекше орын алатынын айтып, педагогтардың бірлесіп жұмыс жасауды жалғастыруды айтты.
Балабақшаның тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Көңілді қоңырау» атты әдемі оркестрдің ашылуымен семинар басталды. Сонымен қатар, балабақшаның музыкалық жетекшілері Н. Аманжолдың жетекшілігімен 3D mapping көрініс арқылы «Ақша қайдан келеді?» тақырыбында көрініс көрсетілді. Бұл көрініс балалардың қаржы және ақша әлеміне деген қызығушылықтарын арттырып, оларды қаржылық сауаттылыққа баулуға бағытталған. 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!