Семинар барысында балабақша меңгерушісі Г.Б. Мырзагулова сөз алып, ата-аналар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын және жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін атап өтті.
Ары қарай, семинар топ тәрбиешілерінің ұйымдастырған іс-әрекеттерімен жалғасты. «Менің алғашқы әмияным» және «Что такое деньги» тақырыптарында тәрбиешілер Ш.Е. Айтеева мен Б.Қ. Балғожа өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынды.
Сондай-ақ, серіктес балабақша №89 «Қыз Жібек» балабақшасының тәрбиешісі Ж.К.Аманжолова ата-аналармен «Ұшқыр ой алаңы» интеллектуалды ойынын өткізді. Бұл ойын ата-аналарға қаржылық сауаттылықты ойын арқылы үйренуге мүмкіндік берді.
Семинар барысында балабақша әдіскері А.Т. Молдахметова мен инновация әдіскері Е.С. Зейнелсадыкова «Ата-аналардың ақпараттық және қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыбында ата-аналармен бірге шеберлік сағатын өткізді. Бұл сессияда ата-аналар қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары мен тиімді әдістер туралы тың ақпараттар алды.
Семинар соңында, «Парасат» тобының тәрбиеленушілері музыкалық жетекшісі ұйымдастырған «Жылан балық» ертегісін сахналық қойылым ретінде көрсетті. Қойылым балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тамаша үлгі болды.
Семинардың соңында әрбір балабақшадан келген балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Барлық қатысушылар бұл іс-шараның балабақша мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға және балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға үлкен көмегі тигенін атап өтті.
Бұл семинар ата-аналар мен педагогтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытуға, балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған маңызды қадам болды.