2025 жылдың 17 сәуір күні №58 “Өркен” балабақшасында күн тәртібіне сәйкес балабақша меңгерушісі Г.Б. Мырзагулова мен әдіскер А.Т. Молдахметованың ұйымдастыруымен педагогтерге арналған ақпараттық отырыс өтті.
1. Балабақшадағы қауіпсіздік ережелері– Меңгеруші балалардың күнделікті қауіпсіздігін қамтамасыз етуде педагогтердің жауапкершілігін атап өтіп, қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
2. Серуен кезіндегі қауіпсіздік– Серуен барысында топтағы балалардың қозғалысын бақылау, сыртқы ортадағы қауіптерден сақтау, белгіленген аумақтан шықпау ережелері талқыланды.
3. Лауазымдық міндеттер туралы ақпарат – Әр қызметкердің өз міндетіне сай әрекет етуі, қауіпсіздік бойынша жауапкершілік аумағы мен міндеттерді нақты білуі керектігі айтылды.
Бұл отырыстың негізгі мақсаты – балабақшадағы барлық қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін көтеру, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін жағдай жасау және әр педагогтің өз міндеттерін толық білуін қамтамасыз ету болды.