Балаларға кішкентай кезінен бастап еңбекке баулу – тәрбиенің ең маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2025 жылдың көктемгі шуақты күндерінің бірінде №58 «Өркен» балабақшасының «Көркем» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері балабақша ауласында еңбекке араласты.
Тәрбиешінің жетекшілігімен балалар гүлзарларды тазалап, құм алаңдарын ретке келтірді. Балалар өздерінің кішкентай күректері мен шелектерін алып, топпен бірігіп еңбек етуге үлкен ықылас танытты. Абай Құнанбайұлының:
"Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей» деген дана сөзі осы шараға арқау болды.