“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында біздің балабақшамыздың жанында сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға балабақша қызметкерлері қатысты. Барлығымыз бірлесіп балабақша ауласын және айналасын тазаладық: қоқыстарды жинадық, ағаштар мен гүлдердің түбін қопсытып, көшеттер отырғыздық. Балалар да үлкендерге көмектесіп, еңбекке деген сүйіспеншілікті сезінді. Осындай сенбіліктер арқылы біз табиғатты қорғауға үйренеміз және қоршаған ортаның тазалығын сақтау маңыздылығын түсінеміз.
Бұл шара тек аула тазалығын жақсартумен шектелмей, балалардың экологиялық тәрбиесіне де зор үлес қосты.