Жаңалықтар

"Теориядан сәтті нәтижеге дейін" атты қалалық байқау

2025 жылдың 28–30 сәуірі аралығында Астана қаласында өткен "Теориядан сәтті нәтижеге дейін" атты қалалық байқау өз мәресіне жетті.

Байқау Астана қаласы әкімдігінің "Әдістемелік орталығының" ұйымдастыруымен, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған.

Байқаудың мақсаты:

Әдіскерлердің кәсіби шеберлігін көрсету, педагогикалық тәжірибе алмасу, тың идеялармен бөлісу және оларды тәжірибеге енгізуге қолдау білдіру.

Байқауға қаладағы әр балабақшадан 37 әдіскер қатысып, өз білімін, тәжірибесін және жаңашылдығын көрсетті.

Қуанышпен хабарлаймыз!

Біздің №58 «Өркен» балабақшасының әдіскері Молдахметова Айгерим Темиртасовна байқауда I орын иеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді!

Әдіскерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен кәсіби биіктер тілейміз!

 

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!