Жаңалықтар

«Baby Tennis» атты фестивалі

Бүгін балабақшамыздың тәрбиеленушілері үшін ерекше күн болды. Себебі балалар алғашқы рет «Baby Tennis» атты фестивальге қатысып, спорт әлеміне жасалған алғашқы қадамдарын сәтті бастады.

Фестивальдің басты мақсаты – балалардың дене белсенділігін арттыру, қозғалыс дағдыларын дамыту және спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Бұл шара мектеп жасына дейінгі балалар үшін арнайы бейімделген теннис ойыны арқылы өтті. Балалар түрлі жаттығулар орындап, нұсқаушылармен бірге қызықты ойындарға қатысты.

Фестиваль барысында бүлдіршіндер теннис ракеткасын ұстауды, допты бағыттауды, кеңістікте дұрыс қозғалуды, бір-бірімен үйлесімді әрекет етуді үйренді.

«Baby Tennis» фестивалі балалар үшін тек жаттығу алаңы емес, жарқын эмоциялар мен жаңа әсерлерге толы орта болды.Фестиваль соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болды.

Бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ пен биік белестер тілейміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

        

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!