Жаңалықтар

Астана қаласы Білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасымен кездесу

2025 жылғы 14 мамырда №58 «Өркен» балабақшасына Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, сондай-ақ салалық кәсіподақ төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Әлиев Батыр Әлиұлы келіп, балабақша ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Батыр Әлиұлы кәсіподақтың негізгі қызмет бағыттары, педагогтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді. Ол педагогтердің жалақысын көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту, демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру және педагогикалық бірліктердің жүктемесін оңтайландыру мәселелеріне ерекше тоқталды .

Сондай-ақ, кездесу еркін диалог форматында өтті. Балабақша қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Талқыланған мәселелер қатарында:

- Педагогтердің айлық жалақысы және оған қосылатын үстемеақылар;

- Кезекті демалыс күндерінің ұзақтығы мен төлем тәртібі;

- Педагогикалық бірліктердің жүктемесі және оны оңтайландыру жолдары;

- Ақылы қызмет көрсететін педагогтердің құқықтары мен міндеттері;

- Экологиялық демалыс алу мүмкіндіктері және оның рәсімделуі.

Кездесу соңында Батыр Әлиұлы балабақша ұжымының белсенділігі мен кәсіподақ жұмысына деген қызығушылығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасатынын атап өтті.

  • 01
  • 02
  • 03

     

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!