Жаңалықтар

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Бүгін «Талапты» мектепалды шағын орта тобы балабақшамен қоштасты. Осы қуанышты әрі толғанысты сәтте бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, балабақшада алған білімдері мен тәрбиелерін көрсетті.

Кішкентай жүректерін толқытқан бұл мерекеде балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар айтып, балабақша қабырғасындағы соңғы күндерін естен кетпестей етіп атап өтті.

Балабақша ұжымы, тәрбиешілер мен ата-аналар бүлдіршіндерге алғыстарын білдіріп, алдағы мектеп өміріне сәттілік тіледі. «Талапты» тобының балаларына тек жарқын болашақ, ашық жол, білімге деген ынта мен табыс тілейміз!

 

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!