Жаңалықтар

"Өркен премиясы" атты балабақшамен қоштасу кеші

"Ұлағат" мектепалды тобының "Өркен премиясы" атты балабақшамен қоштасу кеші

Тәрбиеші: Айтеева Шынарай Ерденовна

Музыка жетекшісі: Аманжол Нағашбай

2025 жылдың мамыр айында №58 "Өркен" балабақшасының "Ұлағат" мектепалды тобы "Өркен премиясы" атты ерекше форматта балабақшамен қоштасу кешін өткізді. Іс-шара мерекелік көңіл-күйде, қызыл кілем, балалардың өнерімен өрнектеліп өтті.

Түлектер өздерінің білім-білік, өнерлерін ортаға салып, көрермендерге қуаныш сыйлады. балабақша меңгерушісі Г.Б.Бакиржановна түлектерге жылы лебізін айтып, балабақша ұжымы атынан балаларға жарқын болашақ пен сәттілік тіледі.

Кеш соңында барлық балаларға арнайы дипломдар табысталып, олар нағыз «Өркен жұлдыздары» ретінде қошеметпен шығарып салынды.

    

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!