Жаңалықтар

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауы

Құттықтаймыз!

Бүгін Астана қаласында өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының қалалық кезеңінде балабақша тәрбиешісі Абдукаримова Ақмарал Саттаровна бас жүлдеге ие болды. Бұл байқауға елордалық балабақшалардан 17 тәрбиеші қатысты.

Ақмарал Саттаровна өзінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, әдістемелік жаңашылдығы мен балалармен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдері арқылы сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Бұл жеңіс – оның қажырлы еңбегі мен педагогикалық шеберлігінің нәтижесі. Ақмарал Саттаровнаға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

  • 01
  • 02

 

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!