1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №58 «Өркен» балабақшасында балдырғандарға арналған ерекше көңілді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, жарқын күлкіге бөленді. Түрлі кейіпкерлермен кездесіп, қызықты қойылымдар мен сайыстарға қатысты. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – өткізілген шараның ең үлкен жетістігі. Бұл күн олардың есінде бақыт пен мейірімге толы балалық шақтың жарқын сәті болып қалатыны сөзсіз.