Мектепке дейінгі ұйымға музыка жетекшісінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Білім беру ұйымының атауы: Астана қаласы әкімдігінің №58 «Өркен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Заңгерлік мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Б. Соқпақбаев көшесі, 20 үй/6
Телефон/факс: 24-93-02
Электрондық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бос лауазымның атауы: Мектепке дейінгі мекеме музыка жетекшісі-1 бірлік
Өткізу мерзімі: 23.06.2025-01.07.2025 ж. дейін
Музыка жетекшісінің лауазымдық міндеттері: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;
еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог": біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құруы, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;
музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен қолдану;
МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу;
педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу;
ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымдарының ішіндегі іс-шараларға қатысу;
3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістерін, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білу;
баланың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысу;
4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыру, оларға балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістерін үйрету;
кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
балалардың музыкалық дамуының өзіндік әдістері бар;
республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
Құжаттар тізімі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген осы Қағидаларды 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар.

