Жаңалықтар

«Ғибрат», «Тұмар» тобы

Тақырыбы: “Гүл теру”

Мақсаты: Баларды өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, шапшаңдыққа баулу, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Мизанқызы Манар

"Озат"," Өнеге" ересек топтары.

Тақырыбы: "Жас құтқарушылар күні".

Мақсаты: Балаларға алғашқы көмек беру туралы түсінік беру. Тез, шапшаң әрекет етуге үйрету. Адам өмірін қорғау, құтқаруға көмектесу сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Тәрбиешісі: Жетписбаева К.К.

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.

Бағдарламаның үйлестірушісі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен ресми түрде жаңа атауы бекітілген. Оның мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады.

Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік береді.

«Ғибрат», «Тұмар» тобы

Тақырыбы: Суды құтқар

Мақсаты: Суды шелектеп тасу, балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу

Тәрбиеші: Мизанқызы Манар

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!