Наурыз мерекесі қарсаңында!
- Қаралды: 78
“Ғибрат” ортаңғы тобы.
“Ғибрат” ортаңғы тобы.
Балабақшамызда ұлттық нақыштағы сән шеруі өтті!
Бүлдіршіндеріміз «Ұлттық киім сән үлгісі» атты шарада өздерінің ұлттық киімдерін мақтанышпен көрсетті. Бұл шара балалардың бойында ұлттық құндылықтарды, тарихымызды құрметтеу сезімін оятуға бағытталған. Балалардың өнері мен шығармашылығын қолдау – біздің басты міндетіміз. Шара барысында әр бала өзінің киімінің ерекшелігі туралы айтып, көрермендерді таң қалдырды. Бұл күн балалардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.
"Тұмар" ортаңғы тобы
18-Наурыз Ұлттық киім күні.
Мақсаты: Балаларға ұлттық киім туралы түсінік беру. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы, ұлттық киімнің маңыздылығын түсіндіру.
«Өркен» балабақшасында “Шежіре” күні өтті! Бұл күн – өткенге саяхат, дәстүрді дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын сезіну. Балалар ата-бабаларымыздың өмірімен танысып, әдет-ғұрыптарын үйренді. Бұл шара олардың жүрегіне ұлттық рухты сіңіріп, өз тарихына деген құрметін арттырды.
Наурыз айының мерекесіне орай, балабақшада өткізілген апталық барысында ерекше іс-шаралардың бірі ретінде «Ғашық жүрек» атты педагогтер флешмобы ұйымдастырылды. Бұл флешмоб, балабақша қызметкерлерінің бірлігін көрсеткен іс - шара болды.