«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Біртұтас тәрбие аясында "Өркен" балабақшасы "Тұлға" мектепалды тобы "Тәлім" ересек тобының челленджін қабылдап, "Құстарға ұя жасау" челленджіне қатысады.

Мақсаты: балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру. Балаларға құстарға қамқор болып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Қатысушы: Айдар Муслим, Әкесі: Куанышбеков Шалқар.

Тәрбиеші: Бердиева Асем Куанганкызы.

"Тұлға" мектепалды тобы челленджді "Дарын" мектепалды тобына жолдайды.

9 желтоқсанда, №58 "Өркен" балабақшасында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл шара ата-аналар мен балабақша ұжымы арасында тығыз байланыс орнатуды көздеп, тәрбие жұмысының мазмұны мен бағыттарын түсіндіруге бағытталды. Іс-шараның басталуында музыка жетекшісі Аманжол Нағашбай ата-аналарға "Әке, ана" атты әсем әнін жолдады. Бұл сәт ата-аналар үшін ерекше жылы және әсерлі болды. Балабақша психологі С.М. Слямова ата-аналармен қызықты тренинг өткізді. Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Г.Б. Мырзагулова алып, Біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызы туралы қысқаша мағлұмат берді. Ол ата-аналарға тәрбиенің баланың дамуына әсері туралы айтып, балабақшадағы тәрбие жұмысындағы негізгі бағыттарды түсіндірді. Балабақша әдіскері А.Т. Молдахметова өз баяндамасында "Әкелер" мектебі мен "Аналар" мектебінің жұмысы жайлы сөз қозғап, осы мектептердің жылдық жоспарымен таныстырды. Бұл мектептер балабақшада ата-аналардың тәрбие ісіне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Іс-шараның ең қызықты бөлімі ата-аналармен бірлесе отырып өткізілген "Тәрбие құндылықтары" тақырыбындағы шеберлік сағаты болды. Ата-аналарға "Ұлттық мүдде", "Ар-ұят", "Талап" тақырыптары беріліп, оларды талқылау үшін топтарға бөлінді. Әр топ өз пікірлерін ортаға салып, қызу дискуссияға түсті. Бұл процесс ата-аналарға тәрбие құндылықтарын тереңірек түсінуге және олардың балаларымен қарым-қатынастарында осы құндылықтарды қолдануға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қорытынды сөз сөйлеп, ата-аналар өз ойларын жеткізіп, өткен күннің әсері туралы пікірлерін білдірді.

Ашық есік күні ата-аналар мен балабақша ұжымының бірлесіп жұмыс істеуіне жаңа серпін берді. Мұндай шаралар балалардың тәрбиесі мен дамуына қоғамның барлық мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп тұратын болады.

2025 жылдың 16 қаңтарында "Өркен" балабақшасында "Аналар" мектебінің ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған ерекше іс-шаралар өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – қыз балаларға аналарымен бірге уақыт өткізіп, түрлі өнер түрлерімен таныстыру болатын. Әрбір іс-шараның өз мәні мен маңызы бар еді. Іс-шараның алғашқы бөлігінде аналардың бірі қыздарға шаш өру және шаш бояу үлгілерін көрсетіп, әдемі сән үлгілерін үйретті. Қыздар өздерінің қолдарымен жасалған шаш үлгілерін мақтанышпен көрсетті. Сонымен қатар, қолөнер шеберлері де шеберліктерін паш етті. Бір ана қоржын тігіп, ою бастыруды үйретсе, екіншісі моншақтан әдемі сөмке жасап, қыздарға қолөнердің қыр-сырын түсіндірді. Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – дәмді тағамдар пісіру болды. Аналар қыздарымен бірге дәмді бәліштер мен тоқаштар пісіріп, олардың жасалу жолдарын көрсетті. Қыздар тек тағам әзірлеудің тәсілдерімен танысып қана қоймай, еңбектің қадірін де ұғынып, оған деген құрметтері арта түсті. Бұл іс-шаралар, әсіресе қыз балалар үшін ерекше тәрбиелік мәнге ие. Әдемі қыздарымыз еңбекке, өнерге жақын болып өсетініне сеніміміз мол. Мұндай іс-шаралар болашақ ұрпақтың рухани дамуына, аналар мен қыздар арасындағы байланысты нығайтуға зор үлес қосады. Сондықтан, осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы біз үшін өте маңызды.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!