«Өркен» балабақшасының тәрбиеленушілері 4 маусым – ҚР Рәміздер күніне орай ерекше іс-шараға қатысты. Балалар елдік пен бірліктің, патриоттықтың нышаны саналатын Мемлекеттік Рәміздерге құрмет білдіріп, Қазақстан ұлттық телеарнасына барып, елордамыздың жүрегінде Әнұранымызды орындап қайтты.
Өркен балабақшасындағы ата-аналарды қолдау орталығының мақсаты – ата-аналар мен балабақша арасындағы тығыз серіктестікті қалыптастыру, ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін арттыру және балалардың үйлесімді дамуына бірлесіп жағдай жасау.
"Көркем" ортаңғы тобы
«Парасат» мектепалды тобы
Тақырыбы: «Мен өмірдің гүлімін»
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.