Жаңалықтар

№58 «Өркен» балабақшасында балабақшаішілік топтар арасында өткен «Балабақша МОНЕТАСЫ (тиын) атауы мен дизайнын құрастыру» байқауы өтті. Мұндағы мақсат: Тәрбиеленушілердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ақша мен қаржы құралдарын дұрыс басқаруды үйрету, тәжірибе жүзінде іске асыру.

Монетаны бағалауға «Аналар» мектебінен Айтжанова Аяжан Койшыкараевна келіп бағалап, өз ұсынысын білдірді. Монеталар келесі көрсеткіштер арқылы бағаланды:

• МОНЕТА көлемі 5*5 см

• Монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын бейнесі «Өркен» эмблемасы болып табылатындығы айтылған.

• Ақшаның (тиынның) талапқа сай, эстетикалық тұрғыдан әдемі, бала қолына ыңғайлы, түсінікті болуы керектігі ескерілді.

“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында 13.02.2025 ж. күні балабақшамызда "Бұрымды қыз" сайысы өтті. Байқаудың мақсаты – қыз баланың ұлттық тәрбиесі мен әдептілігін насихаттау. Сайысқа бүлдіршіндер аналарының қолдауымен қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

 «Озат, Өнерлі, Тәлім, Өнеге» ересек топтары арасында «Жолда жүру ережелерін сақтайық» атты спорттық сайыс өтті.

Ата- аналар жиналысы мектепалды даярлық “Дарын”тобы

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Мақсаты: Баланың мектепте оқуға дайындығы бойынша ата-аналарға әдістемелік көмек беру.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!