Жаңалықтар

Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады. Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады.

Балабақшадағы Консультативтік пункт жұмысы ата-аналарға балалардың дамуы мен тәрбиесі бойынша көмек көрсету, қажетті ақпараттар мен ұсыныстар беру мақсатында ұйымдастырылды. Ата-аналармен өткен бұл жұмыс барысында балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сөйлеу қабілетін, танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамыту жолдары талқыланды.  
 
Іс-шараға келесі мамандар қатысты:  
- Мұғалім-дефектолог: Дүисенбаева Ақжанат Жұмабайқызы  
- Мұғалім-логопед: Тоимбетова Ақжар Дүйсенбайқызы  
- Хатшы: Сапарғали Мөлдір  
- Әдіскер: Молдахметова Айгерім  

«Көркем» ортаңғы тобы тәрбиеленушісі Тулеухан Ясмина. Анасы: Айтжанова Аяжан Тақырыбы: «Қыз көркем-анасымен еркем» Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау. Ата-аналардың балабақшамен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Отбасында қызбен ана арасындағы тәрбиені және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!