Өркен балабақшасында 2024-2025 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – педагогтердің аттестаттау процесі туралы түсініктерін тереңдетіп, аттестаттаудан өтудің барлық кезеңдерін тиімді әрі дұрыс орындауға көмектесу.
Балабақша меңгерушісі, мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған арнайы жиында 83 бұйрыққа енгізілген өзгерістер туралы толығымен баяндап өтті. Меңгеруші аттестаттау талаптарының жетілдірілгенін және педагогикалық қызметтің сапасын арттыру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер мен бағалау критерийлерінің енгізілгенін атап өтті.


"Туған-тілім алтын бесігім" мектепке дейінгі ұйымның жас қазақ тілі педагогтеріне арналған қалалық мәнерлеп оқу байқауының 2-ші кезеңі
"Туған-тілім алтын бесігім" мектепке дейінгі ұйымның жас қазақ тілі педагогтеріне арналған қалалық мәнерлеп оқу байқауының 1-ші кезеңі
“Кім жылдам”ойыны. Озат ересек тобы