28.11.2025 ж күні балабақшамызда №2 Педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы: «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру».
Кеңес барысында инклюзивті білім беру үдерісінің өзектілігі, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары талқыланды. Педагогтар ойын әрекетінің бала дамуындағы рөліне тоқталып, түрлі ойын түрлерін қолданудың тиімді әдістерімен бөлісті.
Сонымен қатар, тәрбиешілер тәжірибе алмасып, балалардың зейінін, ойлау қабілетін, есте сақтауын және қызығушылығын дамытатын ойын технологиялары мен әдістемелік материалдар таныстырылды. Инклюзивті ортада қолайлы жағдай жасау, қолдау көрсету, жеке бағдарланған тәсілдерді қолдану мәселелері де қарастырылды.
Кеңес соңында алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, педагогтарға әдістемелік ұсыныстар берілді.
Толығырақ...