Жаңалықтар

Бүгін "Көркем" ересек тобында «Ақшаның маңызы: алғашқы түсініктер» сабағы өтті.

Балалар ақшаның маңызын, оның қайдан шыққанын және оны дұрыс пайдалану жолдарын үйренді. Дидактикалық ойындар арқылы сатып алу мен үнемдеу туралы түсініктерін бекітті.

Бүлдіршіндер сабақты қызығушылықпен тыңдап, белсенді қатысып, ақшаны жауапкершілікпен қолдану керек екенін жақсы меңгерді.

"Көркем" ересек тобының кішкентай жұлдызы – Мейрамбай Алиша!

Алиша ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып, өзінің талабы мен өнерін көрсетті.

Кішкентай болса да – арманы биік, талабы зор балапан! 

“Ғибрат” ересек тобы

Тақырыбы: 4 жастағы балаларға арналған қаржылық сауаттылықты дамытуға бағытталған дүкен ойыны

Ойынның мақсаты: 4 жастағы балаға қаржылық сауаттылықтың бастапқы негіздерін – ақша, сатып алу, үнемдеу, таңдау жасау, кіріс пен шығыс ұғымдарын түсіндіру.

Тәрбиеші: Сексенбаева М.Н.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, балаларды әртүрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру. Ойын барысында балалардың ептілігі мен икемділігін, шапшаңдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Біздің кішкентай спортшылар белсенді қатысып, тамаша көңіл күйде болды!

Спорт-денсаулық кепілі!

Өткізеген дене тәрбиесі нұсқаушылары: Хайролла Р.Р., Жарматов Н.Г., Касеналин А.А.

"Көркем" ересек тобымен ерекше тәжірибе жасадық

Жапырақтардың орнына тұз пайдаланып, керемет сурет шықты!

Мақсаты: балалардың ұсақ моторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, түстермен жұмысқа қызығушылық ояту.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!