Жаңалықтар

«Шабыт» ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті «Нан қайдан келеді?»

Мақсаты:

- Балаларға нанның егістіктен бастап дастарханға дейінгі жолы туралы түсінік беру.

- Еңбек адамдары (диқан, наубайшы) жайлы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру.

- Нанға деген құрмет пен бағалауды үйрету.

- Сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиеші: Хуаныш Қ.

“Озат”. мектепалды тобы.

Тақырыбы: «1-10 ға дейін сандар»

Мақсаты: 1-10 ға дейінгі сандарды қайталау.Ұлттық ойындар арқылы аз-көп ұғымдарын, заттардың жиындары арқылы салыстыруды дамыту. Ретімен санауды және кері санауды бекіту.

Тәрбиеші:Байтореева Ж.О.

“Тұмар” ортаңғы тобы

Білім беру дағдылары: Коммуникативтік дағдыларын дамыту (тіл дамыту), Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту, балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.

Мақсаты:

- Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту;

- Табиғатқа сүйіспеншілікке, күздің сыйын қадірлеуге тәрбиелеу;

- Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

- Ұсақ моторикасын, қиялын дамыту.

Тәрбиеші: Гаухар Азымбетовна

"Парасат" ересек тобы

Тақырыбы:"Пішіндер"

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.

Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Абжанова М.Е.

МКҚК «№58 «ӨРКЕН»балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!